10.04.2026 күні Нархоз университетінде – БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының ТДМ 16 бойынша Ғаламдық хабының вице-төрағасы ретінде – «Қазақстанды жаңғыртудың архитектурасы: тиімді менеджмент, құқықтық реттеу және халықаралық қауіпсіздік синергиясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция табысты өтті.
Конференцияның мақсаты – жаһандық белгісіздік пен жедел технологиялық өзгерістер жағдайында Қазақстанның институционалдық архитектурасын трансформациялау мәселелерін талқылауға арналған жоғары деңгейлі сараптамалық алаң қалыптастыру. Іс-шара барысында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың негізгі мәселелері, ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен үйлестіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен қауіпсіздігі саласындағы өзекті сын-қатерлер мен қауіптер талқыланды.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жанындағы Президенттік орталықтың, БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің және Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының, аталған академияның Сайлау оқыту орталығының басшысы, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің, Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығының Бақылау кеңесінің, Санкциялар комитетінің, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының және басқа да халықаралық, мемлекеттік және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты.
Аталған іс-шара – Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 16-мақсаты – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» басымдықтарын ілгерілетуге бағытталған университеттің кезекті стратегиялық бастамасы болып табылады.
Конференцияға қатысушылар қоғамдық, азаматтық даму мен әкімшілік салада әртүрлі деңгейлерде құндылықтық бағдарларды қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде ортақ пікірге келді. Нархоз университеті дәл осы ұстанымды қолдайды – біз қоғамды нақты өмірдегі күрделі міндеттерді шешуге жауапкершілік алатын көшбасшыларды даярлау арқылы дамытамыз.
https://drive.google.com/file/d/1Gc09vKnIcE9kzmknpcxY3XtQszVhuX8w/view?usp=sharing
Пресс — релиз:
https://www.instagram.com/reel/DXDwWWRCLl4/?igsh=ZnJudmt2dTkxejIy